ТҮРКІСТАНДА «ҚҰТҚАРУШЫЛАР АЛЛЕЯСЫ» АШЫЛДЫ

    1 / 14
    19 қазан – Құтқарушылар күніне орай Түркістан қаласында «Құтқарушылар аллеясының» салтанатты ашылу рәсімі өтті. Жаңа аллея – адам өмірін сақтап, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында аянбай еңбек етіп жүрген құтқарушыларға көрсетілген құрметтің белгісі.
    Салтанатты шараға Түркістан қаласының әкімі Әзімбек Пазылбекұлы, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, полковник Бағдат Темірболатұлы Чайзада, департамент ардагерлер ұйымының төрағасы Сұлтанғали Иманғалиұлы Смайлов, азаматтық қорғау органдарының ардагерлері мен қала тұрғындары қатысты.
    Іс-шара барысында қала әкімі құтқарушыларды кәсіби мерекесімен құттықтап, олардың қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі айрықша рөлін атап өтті.
    «Құтқарушы болу – үлкен жауапкершілікті, батылдықты және адам өміріне деген жанашырлықты талап ететін абыройлы қызмет. Қиын сәтте өз өмірін қатерге тігіп, өзгелерді құтқару – ерлік пен кәсіби адалдықтың көрінісі. «Құтқарушылар аллеясының» ашылуы – осы сала мамандарының ерен еңбегін бағалап, олардың ерлігін ұлықтауға бағытталған маңызды қадам», – деді Әзімбек Пазылбекұлы.
    Қазіргі таңда Түркістан қаласының Төтенше жағдайлар басқармасында 150 қызметкер еңбек етеді. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың салдарын жою жұмыстарына 30 бірлік арнайы техника жұмылдырылған.
    Салтанатты рәсім аясында азаматтық қорғау саласының дамуына үлес қосқан бірқатар қызметкер мен сала ардагерлері марапатталды.
    Жаңа аллея құтқарушылардың қоғам алдындағы еңбегін дәріптейтін, ерлік пен жауапкершіліктің мәнін айшықтайтын орынға айналмақ.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары