ТҮРКІСТАНДА КІТАПҚА ҚҰШТАР ОҚЫРМАНДАР ҚАТАРЫ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

    1 / 13
    Түркістан қаласында тұрғындардың кітап оқуға қызығушылығын арттыру, ұлттық әдеби мұраны насихаттау және мәдени-танымдық іс-шараларды ұйымдастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.
    Қаладағы орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне 14 кітапхана кіреді. Оның ішінде 1 орталық кітапхана, 1 балалар кітапханасы және 12 кітапхана филиалы бар. Кітап қоры 357 498 дананы құрайды. Оқырмандар саны – 17 753, ал келушілер саны 154 666-ға жеткен. Кітап берілімі 299 300 дананы құрайды. Есепті кезеңде аталған жүйеде 403 іс-шара өткізілген.
    Кітапханаларда қазақ әдебиеті мен тарихи-мәдени мұраны кеңінен насихаттауға арналған бірқатар байқаулар мен әдеби кездесулер ұйымдастырылды.
    Сонымен қатар түркітілдес халықтардың әдебиеті мен мәдениетін насихаттауға бағытталған жұмыстар да жүргізілуде. Қалада осы бағытта 1 кітапхана жұмыс істейді. Оның кітап қоры – 51 370 дана. Оқырмандар саны 1 617 адамды, келушілер саны 13 890 адамды құрайды. Кітап берілімі – 21 878 дана. Мұнда 27 мәдени іс-шара өткізілген.
    Алдағы уақытта да кітапханаларда оқырман мәдениетін қалыптастыруға, жас ұрпақтың кітап оқуға қызығушылығын арттыруға және ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған іс-шаралар жалғасады. Жоспарда «Әлемді кітап арқылы танимын» байқауы, Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» елжандылық кеші және Ыбырай Алтынсариннің 185 жылдығына орай «Даланың дара ұстазы» әдеби аялдамасы бар.
    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан қаласы әкімінің аппараты" жаңалықтары