Ардақ Нұрмағамбетов — «Аичи – Нагоя-2026» V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері

    1 / 8

    Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт клубы» КММ спортшысы Ардақ Нұрмағамбетов Жапонияда өтіп жатқан «Аичи – Нагоя-2026» V Азия Пара ойындарында пара үстел теннисінен қола медаль жеңіп алды.

    Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен жерлесіміз халықаралық деңгейдегі дүбірлі додада Шығыс Қазақстан облыстың намысын абыроймен қорғады.

    Ардақ жарыстың бірінші класында сынға түсті. Бұл топта бес спортшы бақ сынасты. Тартысты бәсеке барысында қазақстандық спортшы Үндістан өкілінен басым түсіп, Сауд Арабиясы мен Оңтүстік Корея спортшыларымен де кездесті. Үшінші орын үшін өткен шешуші тартысты бәсекеде Ардақ жеңіске қол жеткізіп, жеңіс тұғырынан көрінді.

    Бұл маңызды жетістік — спортшының табандылығының, қажырлы еңбегінің, қайсар мінезі мен жоғары спорттық шеберлігінің айқын нәтижесі. Бұл жүлде Шығыс Қазақстан облысы үшін ғана емес, бүкіл қазақстандық паралимпиадалық спорт үшін үлкен мақтаныш.

    Спортшының жеке бапкері — Кирилл Сотник.

    Ардақ Нұрмағамбетовті және оның жаттықтырушысын V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері атануымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыстар мен халықаралық аренада жаңа биіктер бағындыруын тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" жаңалықтары