Шығыс Қазақстан облысында мектеп оқушылары арасында дәстүрлі садақ атудан «ЖАС МЕРГЕН – 2026» облыстық ашық телетурнирі өз мәресіне жетті.
Өңіраралық бәсекеге Павлодар, Абай облыстарынан, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай, Марқакөл және Ұлан аудандарынан 80-ге жуық мектеп оқушысы қатысып, мергендік шеберліктерін сарапқа салды.
Тартысты сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
І орын: Ерслан Рахметқазы (Шығыс Қазақстан облысы);
ІІ орын: Рамазан Өмірбек (Павлодар облысы);
ІІІ орын: Дарын Даутов (Абай облысы).
Ауқымды спорттық шараны «Керемет» садақ ату орталығы, «ALTAI» телеарнасы, «Нұрорда» халықаралық мектебі және Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ бірлесе ұйымдастырды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз!








