Шығыс Қазақстан спортшыларының жарқын жетістіктері: Семсерлесуден Әлем кубогының алтыны

    1 / 3

    Шығыс Қазақстан облысының спортшылары халықаралық аренада жоғары нәтижелер көрсетіп, өңір мерейін үстем етіп келеді. Осы орайда семсерлесуден ұлттық құрамамыздың халықаралық додадағы топ жарған сәті туралы толығырақ атап өткен жөн.

    Семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы 2026–2027 жылғы маусымдағы Әлем кубогының алғашқы алтын медалін иеленді. Марокконың Касабланка қаласында өткен халықаралық турнирдің финалында қазақстандық спортшылар Ресей құрамасынан 45:40 есебімен басым түсіп, жарыс жеңімпазы атанды.

    Ұлттық құрама сапында Шығыс Қазақстан облысының спортшылары Кирил Павлов, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов өнер көрсетті. Олардың халықаралық додадағы бұл табысы — өңір спорты үшін зор мақтаныш.

    Қазақстан құрамасы жарыс барысында жоғары дайындық деңгейін, шеберлік пен жеңіске деген мызғымас жігерін танытты:

    • 1/16 финал: Түркия құрамасын 45:20 есебімен ұтты;

    • 1/8 финал: Гонконг спортшыларын 45:28 есебімен жеңді;

    • Ширек финал: Мысыр құрамасынан 45:40 есебімен басым түсті;

    • Жартылай финал: Франция командасын 45:40 есебімен тізе бүктірді;

    • Финал: Ресей құрамасына қарсы тартысты бәсекеде 45:40 есебімен жеңіс жалауын желбіретті.

    Осылайша, қазақстандық семсерлесушілер барлық кездесулерде топ жарып, Әлем кубогының бас жүлдесін қанжығалады. Спортшыларымыз бен жаттықтырушылар құрамын осы зор табыспен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы бәсекелерде де биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" жаңалықтары