Шығыс Қазақстанда «Шығыс салбурыны – 2026» халықаралық фестивалі мен І Азия кубогы өтті

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    1 / 13

    2026 жылдың 8–11 қазаны аралығында Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Бозанбай ауылында дәстүрлі «Шығыс салбурыны – 2026» халықаралық фестивалі өтті. Ауқымды этномәдени шара аясында ұлттық спорт түрі — құсбегіліктен І Азия кубогы ұйымдастырылды.

    Халықаралық достық пен спорт мерекесіне Қазақстан, Испания, Венгрия, Грузия, Ресей Федерациясы, Түркия, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы және Қытай Халық Республикасынан 170-тен астам спортшы қатысты.

    Құсбегілік сайысына жалпы 130 жыртқыш құс қатыстырылды:

    • бүркіт — 75;

    • қаршыға — 30;

    • ителгі — 15.

    Фестиваль аясында қазақы тазылар жарысы өтіп, сонымен бірге жамбы ату, теңге ілу, толағай тартыс, таяқ тарту, садақ ату, арқан тарту және асау үйрету сияқты ұлттық спорт түрлерінен көрнекі өнер көрсетулер ұйымдастырылды.

    Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы грамоталармен, медальдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды:

    Бүркіт салу:

    • І орын — Жалғасұлы Серікболсын (Жамбыл облысы)

    • ІІ орын — Серікбекұлы Ерасыл (Астана қаласы)

    • ІІІ орын — Тастанбек Бергенбай (Ақмола облысы)

    • ІІІ орын — Даниярқызы Аяжан (Алматы қаласы)

    Қаршыға салу:

    • І орын — Махмудхан Заки (Түркістан облысы)

    • ІІ орын — Бабажан Берікболсын (Жамбыл облысы)

    • ІІІ орын — Мубарак Алтай (Шығыс Қазақстан облысы)

    • ІІІ орын — Серікбекұлы Ерасыл (Астана қаласы)

    Ителгі салу:

    • І орын — Төлегенұлы Темірәлі (Қарағанды облысы)

    • ІІ орын — Бабажан Бақдәулет (Жамбыл облысы)

    • ІІІ орын — Тастанбек Ералы (Ақмола облысы)

    • ІІІ орын — Кеңес Ануар (Ақмола облысы)

    Тазы жарысы:

    • І орын — Жайық Ержан (Өскемен қаласы)

    • ІІ орын — Калакаев Саят (Семей қаласы)

    • ІІІ орын — Жетпісов Мейір (Тарбағатай ауданы)

    «Шығыс салбурыны – 2026» халықаралық фестивалі ұлттық спорт түрлерін дәріптеуге, халқымыздың төл дәстүрлерін сақтауға және этномәдени мұра саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға арналған бірегей маңызды алаңға айналды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары