ШҚО-да ауылдық жерлердегі балалар арасында «AUYL SPORT-2026» облыстық турнирі өтуде

    ·Жаңалықтар мұрағаты
    ШҚО-да ауылдық жерлердегі балалар арасында «AUYL SPORT-2026» облыстық турнирі өтуде

    2026 жылғы 30 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысында ауылдық жерлердегі балалар арасында «AUYL SPORT-2026» облыстық турнирі өтуде.

    Турнир аясында өңірдің ауылдық елді мекендерінен келген жас спортшылар спорттың жеті түрі бойынша бақ сынауда. Жарысқа барлығы 470 жас спортшы қатысуда.

    Қазіргі таңда еркін күрес, үстел теннисі бойынша жарыстар өз мәресіне жетті.

    Еркін күрестен өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанған спортшылар:

    • 41 кг — Қуанбеков Алихан;

    • 44 кг — Жұмагелді Сұлтанмахмұт;

    • 48 кг — Саянұлы Нұрдос;

    • 52 кг — Айдынұлы Алинұр;

    • 57 кг — Талғар Нұрсәт;

    • 62 кг — Пәтқанұлы Елжан.

    Жарыстың үздік төрешісі — Қожахметов Нариман Нұрханұлы, үздік жаттықтырушысы — Қожахметов Даулет Манарбекұлы, үздік спортшысы — Жұмагелді Сұлтанмахмұт.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "" жаңалықтары