КИРИЛЛ ПРОХОДОВ - 23 ЖАСҚА ДЕЙІНГІ СПОРТШЫЛАР АРАСЫНДАҒЫ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ!

    Шығыс Қазақстан облыстық Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы жекпе-жек түрлерінен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебінің түлегі Кирилл Проходов семсерлесуден 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Құрлық біріншілігі Бахрейн Корольдігінің Манама қаласында өтуде.

    Жеке сайыста семсерлесудің шпага түрінен өнер көрсеткен шығысқазақстандық спортшы жоғары дайындық деңгейін, шеберлігі мен жеңіске деген жігерін танытып, жарыстың барлық кезеңінде сенімді ойын көрсетті.

    Топтық кезеңде Кирилл алты кездесудің бесеуінде жеңіске жетіп, келесі кезеңге жолдама алды.

    Алтын медальға жету жолында отандасымыз бірқатар мықты қарсыластарын жеңді:

    • 1/16 финал: Макао өкілі Сунг Ка Вингті 15:8 есебімен жеңді;

    • 1/8 финал: Қырғызстан спортшысы Даниил Лепиховты 15:14 есебімен ұтты;

    • Ширек финал: Қазақстан өкілі Георгий Тинниковтан 15:9 есебімен басым түсті;

    • Жартылай финал: Қырғызстан спортшысы Барсбек Райымбековті 15:10 есебімен жеңіп, финалға шықты.

    Алтын медаль сарапқа салынған шешуші кездесуде Кирилл Гонконг өкілі Вонг Пак Юдпен кездесті. Тартысты өткен финалдық жекпе-жекте шығысқазақстандық спортшы жоғары шеберлік пен табандылық танытып, қарсыласын 15:12 есебімен жеңді.

    Осылайша, Кирилл Проходов шпага бойынша жеке сайыста 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионы атанып, алтын медаль иеленді!

    Бұл жеңіс — спортшының табанды еңбегінің, жоғары дайындық деңгейінің және жаттықтырушылар құрамының кәсіби жұмысының нәтижесі.

    Спортшыны жарысқа дайындаған жаттықтырушылар — Ксения Вендерских пен Александр Пеньков.

    Кириллді, оның жаттықтырушыларын, туған-туыстары мен жақындарын айтулы жеңісімен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыс, жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы" жаңалықтары