Бахрейнде 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан Азия чемпионатында шпагамен фехтовкалаудан Қазақстан ерлер құрамасы командалық сайыста алтын медаль жеңіп алды!
Ұлттық құраманың жеңісіне Шығыс Қазақстан облысының өкілдері - Кирилл Проходов пен Михаил Кузьмин зор үлес қосты. Спортшыларымыз жоғары шеберлік, жеңіске деген жігер мен нағыз командалық рух көрсетті.
Азия чемпионы атану жолында Қазақстан құрамасы: – 1/4 финалда: Қырғызстан құрамасын 45:30 есебімен ұтты; – Жартылай финалда: Өзбекстан құрамасын 45:39 есебімен басым түсті; – Финалда: тартысты бәсекеде Гонконг құрамасын 45:44 есебімен жеңіп, турнирдің алтын медалін еншіледі!
Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы жеңіс тұғырының ең биік сатысына көтеріліп, U23 Азия чемпионы атанды.
Кирилл Проходов пен Михаил Кузьминді, олардың жаттықтырушыларын және барша бапкерлер штабын жарқын жеңісімен құттықтаймыз!
Спортшыларымызға алдағы сындарда тек сәттілік, жаңа белестер мен халықаралық аренада биік шыңдарды бағындыруды тілейміз!
Шығыс Қазақстан облысы өз чемпиондарын мақтан тұтады!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








