Ардагерлерге көңіл бөлу мен қамқорлық көрсету – олардың еңбегіне деген құрметтің белгісі

    1 / 3

    Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері Азаматтық қорғау органдары ардагерлері кеңесінің төрағасы Сағынбай Увалиев, Департамент бастығының міндетін уақытша атқарушы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрлан Нүкішев және кадр және тәрбие жұмысы басқармасының бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нариман Ашамаев бастаған құрамда государственный орган ардагері Роза Басыровнаға арнайы барып, сәлем берді.

    Роза Басыровна өмірінің 35 жылдан астам уақытын өртке қарсы қызмет органдарындағы еңбекке арнаған. Ол еңбек жолын 1987 жылы Киров атындағы зауыттың ведомстволық өрт сөндіру бөлімінің бастығының орынбасары қызметінде аяқтаған.

    Департамент өкілдері ардагердің үйіне тұрақты түрде барып, қажетті қолдау көрсетіп келеді. Кездесу барысында олар Роза Басыровнаның жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруге қосқан елеулі үлесін атап өтіп, көп жылғы адал әрі абыройлы еңбегі үшін шынайы алғыстарын білдірді. Сондай-ақ оған зор денсаулық, амандық-саулық, бақ-береке және ұзақ ғұмыр тіледі.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментi" жаңалықтары