Қауіпсіз қыс – қауіпсіз өмір кепілі!

    1 / 2

    Жамбыл облысы Жуалы ауданының Ертай ауылында әлеуметтік осал топтағы тұрғындар арасында жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізілді.

    Шара барысында мамандар тұрғындарға пештерді қауіпсіз пайдалану, электр жылыту құрылғыларын дұрыс қолдану, электр сымдарының жарамдылығын тексеру және улы газдан уланудың алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

    Тұрғындарға жылыту маусымында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, ақаулы жылыту құрылғыларын пайдаланбау және пешті қараусыз қалдырмау қажеттігі ескертілді.

    Жамбыл облысы ТЖД

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Төтенше жағдайлар департаменті" жаңалықтары