Жас қызметкерлерге психологиялық қолдау

    1 / 5

    Құтқарушылар психологиялық төзімділігін арттырып, өзін-өзі бақылау дағдыларын меңгеріп, қызметтік этика нормаларын зерттеуде.

    Солтүстік Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментінде азаматтық қорғау органдарының жас қызметкерлерінің кәсіби бейімделуі мен психологиялық қалыптасуына қолдау көрсету мақсатында тақырыптық кездесу өтті. Қатысушылар жоғары жауапкершілік пен кәсіби жүктеме жағдайындағы қызметтің ерекшеліктерін, өрттер мен төтенше жағдайлар кезінде туындайтын күйзеліс реакцияларын, сондай-ақ қызметтік міндеттерді орындау барысында психологиялық тұрақтылықтың, өзін-өзі бақылаудың және командалық өзара іс-қимылдың маңызын талқылады.

    Қызметкерлердің психологиялық және физикалық денсаулығын сақтау, шамадан тыс шаршаудың алдын алу, ұйқы және демалыс режимін сақтау мәселелеріне ерекше назар аударылды. Кездесудің жеке бөлімі қызметтік тәртіп пен әдеп мәселелеріне арналды. Қауіпсіздік қызметінің қызметкері азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің мінез-құлық нормаларын, Әдеп кодексінің ережелерін, сондай-ақ оларға белгіленген шектеулер мен талаптарды түсіндірді.

    Кездесу жас қызметкерлердің қызметке даярлығын арттыруға, кәсіби міндеттеріне жауапкершілікпен қарауын қалыптастыруға және қызметтік тәртіпті сақтаудың маңызын түсінуіне ықпал етті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментi" жаңалықтары