Полиция мен құтқарушылар «Самара – Шымкент» автожолында 15 Тәжікстан азаматын эвакуациялады

    6 қарашада сағат 01:11 шамасында республикалық маңызы бар «Самара – Шымкент» автожолында Қызылорда облысының шекарасына жақын маңда патрульдік полиция жасағы жол жиегінде тоқтап тұрған автобусты байқаған.

    Тексеру барысында «Van Hool» маркілі автобустың техникалық ақауына байланысты, жүрісін жалғастыра алмағаны анықталды. Автобус Тәжікстан Республикасынан Ресей Федерациясына бағыт алған. Көлік салонында екі жүргізуші мен 15 жолаушы болған. Олардың алтауы – әйел, төртеуі – бала, бесеуі – ер адам. Барлығы Тәжікстан Республикасының азаматтары.

    Ақтөбе облысы ПД Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері Ырғыз ауданының Төтенше жағдайлар қызметі мамандарымен бірлесіп, жолаушыларды қауіпсіз жерге эвакуациялады. Олар Ырғыз ауылының қиылысында орналасқан мешітке орналастырылды.

    Жолаушылардың медициналық көмекке мұқтаж емес екені анықталды. Олардың өмірі мен денсаулығына қауіп болған жоқ.
    Полиция қызметкерлері мен құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекетінің арқасында жолаушылардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді.

    Полиция жүргізушілерді алыс жолға шығар алдында көліктің техникалық жағдайын тексеруге, жол және ауа райы жағдайларын ескеруге, сондай-ақ жол қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының Полиция департаменті" жаңалықтары