Ақшаңызды екі еселеп беремін

    Астанақаласының24жастағы тұрғыныазаматтарға қысқа мерзімдемолтабыс табуға жәнесалған қаражатын еселеп қайтаруға уәде беріп,алаяқтық жасады деген күдікке ілінді.

    Полицияқызметкерлерінің анықтауынша,күдікті әлеуметтік желілердеинвестиция салуарқылытезәрімолтабыс табуға болатыны туралыхабарландырулар жариялаған.Ол салынғанқаражатты екі еселеп қайтаруға уәде берген.

    Аталған ұсынысқа Ақтөбе облысының бірнешетұрғыныдақызығушылық танытқан.Уәде етілгенпайдаға кенелеміз деген азаматтар күдіктіге ақшааударған.Жалпы еліміздің әр өңірінен 28 адамоның алаяқтық әрекетінің құрбаны болған.

    Алғашында әйел салымшыларға уәде етілгенпайыздық төлемдерді жасап,олардың сенімінекірген.Алайда азаматтар ірі көлемде ақшасалабастаған кезде төлемдер тоқтатылған.

    Жедел-іздестіру іс-шаралары барысындаполицияқызметкерлері күдіктінің жеке басынанықтады. Астанақаласының24жастағы тұрғыныұсталып,уақытша ұстау изоляторына қамалды.

    Аталған фактілер бойынша сотқа дейінгітергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.Қазіргіуақытта оқиғаның барлық мән-жайы,келтірілгензалал көлемі және күдіктінің осыған ұқсас басқадақұқық бұзушылықтарға қатысыбар-жоғыанықталуда.

    Ақтөбе облысыныңПолициядепартаментіазаматтарды әлеуметтік желілердегі күмәндіинвестициялық ұсыныстарға сенбеуге шақырады.

    Әсіресе қысқа мерзімде жоғары табыс табуғанемесе салынған қаражатты еселеп қайтаруғакепілдік беретін ұсыныстардан сақ болыңыздар.

    Ақша аудармас бұрын инвестициялық жобаныңзаңдылығын,ұйымдастырушылардың сенімділігінжәне қаражатсалушарттарын мұқияттексеріңіздер.

    Естеріңізде болсын:қысқа мерзімдемолпайдатабуға кепілдікберу —алаяқтар жиі қолданатынтәсілдердің бірі.Бейтаныс адамдарға ақшааудармаңыздар және әлеуметтік желілердегікүмәнді ұсыныстарға алданып қалмаңыздар.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының Полиция департаменті" жаңалықтары