1 / 5
Биыл «Мерейлі отбасы – 2026» ұлттық байқауында Атырау облысынан Оспановтар әулеті үздік 20 отбасының қатарынан табылып, өңір мерейін асырды.
Жылыой ауданында тұратын өнегелі жанұяда жеті ұл мен бір қыз тәрбиеленіп, олардан 22 немере мен 37 шөбере өрбіген. Отбасы мүшелері білім беру, құқық қорғау, өндіріс және мәдениет салаларында ел игілігі үшін елеулі еңбек етіп келеді.
«Мерейлі отбасы» ұлттық байқауы – отбасылық құндылықтарды дәріптеп, өнегелі әулеттердің өмір жолын насихаттауға бағытталған дәстүрлі жоба. Оспановтар отбасының жетістігі – ұрпақтар сабақтастығы мен отбасы бірлігінің жарқын үлгісі.
#мерейліотбасы2026 #мерейліотбасы
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








