Атырауда «TAMYR» рухани stand-up жобасының қорытынды кеші өтеді

    Атырауда облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен өтіп жатқан «TAMYR» рухани stand-up жобасының қорытынды кеші өтеді.

    Жоба аясында өткен кездесулерде ұлттық құндылықтар, рухани тәрбие, отбасы институты және қоғамдағы өзекті мәселелер талқыланды. Қорытынды кеште бұған дейінгі кездесулердің мазмұны түйінделіп, спикерлер көрерменмен еркін форматта ой бөліседі.

    Кеш қонақтары: Мақсат Хайрбекұлы, Данияр Жігітбек, Нұрбол Маратұлы, Әділет Сүйінғалиұлы және Нұрбек Омар.

    • Өтетін күні: 6 қараша, сағат 20:00
    • Өтетін орны: Облыстық халық шығармашылық орталығы

    Іс-шараға қатысу тегін. Тіркелу үшін сілтемеге өтіңіз: https://www.wevent.kz/events/83189275-aa17-4960-b8f9-4b3235c1cb9e

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы" жаңалықтары