Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы

    Жалпы ақпарат

    Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы. Миссиясы - өңірдегі халық бірлігін және қоғамдық-саяси тұрақтылықты сақтауға, мемлекеттілікті нығайтуға, сондай-ақ, азаматтық қоғам институттарын дамыту мен қолдауға, өңірдің ақпараттық кеңістігінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жастарды дамыту үшін жағдай жасауға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді іске асыру.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Мұқтаж адамдарға көмектесетін қоғамдық ұйым ашқым келеді. Бірақ өз қаражатым жетпейді. Қоғамдық ұйымдарға арналған мемлекеттік тапсырысқа қалай қатысуға болады?

    Жауап

    Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты жергілікті атқарушы органдар және Атырау қаласы, аудан әкімдіктері қаржыландырады. Құзырлы мемлекеттік органдар мемлекеттік сатып алулар порталында ҮЕҰ-ға арналған әлеуметтік жобаларды орындау бойынша сатып алу жөнінде конкурс жариялайды. Конкурсқа әділет органында тіркелген қоғамдық ұйым қатысуға құқылы. Сонымен қатар, қоғамдық ұйым міндетті түрде ҮЕҰдың республикалық дерекқор тізімінде болуы қажет.

    ·
    Сұрақ

    Жеке кәсіпорындарда, ұйымдарда, пәтерлерде және үйлерде мемлекеттік жалаушаларды орнатуға бола ма? Мүмкін болса, ережелер бар ма?

    Жауап

    "ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы" 2007 жылғы 4 маусымдағы № 258 Заңның 4-бабында және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін пайдалану (белгілеу, орналастыру) қағидаларының 4-тармағында: - Мемлекеттік ту басқа ғимараттарда (үй-жайларда) олардың иелерінің қалауы бойынша көтерілуі және орнатылуы мүмкін; - Мемлекеттік Тудың бейнесі өзге де материалдық объектілерде орналастырылуы мүмкін. Осылайша, заңнамада мемлекеттік туды тұрғын үйлерде және мемлекеттік емес ұйымдар мен жеке тұлғалардың үй-жайларында пайдалануға тыйым салынбайды.: - Мемлекеттік Ту оның мөлшеріне қарамастан ұлттық стандартқа сай болуы тиіс; - Мемлекеттік Тудың бейнесін қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдардың туларының геральдикалық негізі ретінде пайдалануға болмайды; - қоғамдық бірлестіктер мен басқа да ұйымдардың тулары Мемлекеттік тумен бірдей бола алмайды.

    ·
    Сұрақ

    Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік жобаларды іске асыруға, ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт?

    Жауап

    Қазақстан Республикасы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес мәліметтер жыл сайын 31 наурызға дейін ұсынылады. ҮЕҰ Дерекқорына мәлімет ұсыну мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар аясында әлеуметтік жобаларды іске асыруға, ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт. ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы және анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті әкімшілік жауапкершілік көзделген.

    ·
    Ақпарат

    2026–2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалардың жобалары «Ашық бюджеттер» порталында жарияланды

    Атырау облысының ішкі саясат басқармасы "Ашық бюджеттер" порталында https://budget.egov.kz/ 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттік бағдарламалардың жобалары орналастырылды. Мазмұнмен танысуға және сілтеме бойынша жария талқылауға қатысуға мүмкіндік бар:263 007 (2026) - Мемлекеттік ақпараттық саясат жүргізу жөніндегі қызметтер, Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы https://budget.egov.kz/budgetprogram/budgetprogram?govAgencyId=3567&budgetId=3918020

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Атырау облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі мерзімді баспасөз басылымдары (газеттер), телеарналар және интернет-басылымдар арасында өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды

    «Атырау облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі мерзімді баспасөз басылымдары (газеттер), телеарналар және интернет-басылымдар арасында өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды. Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би, 77-үй, 412-кабинет мекенжайы бойынша жіберіледі, «Атырау облысының ішкі саясат басқармасы» ММ кеңсесі 2026 жылғы 31 шілде күнгі сағат 17:00-ге дейін қабылдайды. Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би, 77-үй, 412-кабинет мекенжайы бойынша 2026 жылғы 3 тамыз күнгі сағат 11:00-де ашылады. Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді өңірлік деңгейде ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: «(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА» және «(тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады. Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды. Қағиданың 14 және 15-тармақтарына сәйкес қатысу үшін өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет. Өтінімге өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесі қоса беріледі. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035356 https://zan.gov.kz/client/#!/doc/212624/kaz https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/documents/details/874485?lang=kk

    Жарияланды:
    Конкурстар

    «Атырау облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі телеарналар арасында өңірлік (облыс, қала және аудан) деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы

    «Атырау облысының ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі телеарналар арасында өңірлік (облыс, қала және аудан) деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру туралы хабарлайды. Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би, 77-үй, 412-кабинет мекенжайы бойынша жіберіледі, «Атырау облысының ішкі саясат басқармасы» ММ кеңсесі 2026 жылғы 3 шілде күнгі сағат 17:00-ге дейін қабылдайды. Тапсырысқа қатысуға өтінімдері бар конверттер Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би, 77-үй, 412-кабинет мекенжайы бойынша 2026 жылғы 7 шілде күнгі сағат 11:00-де ашылады. Үміткер құжаттар тізбесі бар өтінімді өңірлік деңгейде ұйымдастырушыға беттерін нөмірлеп, тігілген түрде және соңғы беті оның қолымен және мөрімен (бар болған кезде) расталған, ашылғанға дейін өтінімнің мазмұнын қарауға мүмкіндік бермейтін мөрмен (бар болған кезде) бекітілген, оның беткі жағында үміткердің толық атауы мен пошталық мекенжайы, ұйымдастырушының толық атауы мен пошталық мекенжайы, тапсырыстың атауы, сондай-ақ мынадай мазмұндағы: «(субъектінің атауын көрсету) АРАСЫНДА (тапсырыстың атауын көрсету) ТАПСЫРЫСҚА» және «(тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ашу күні мен уақытын көрсету) ДЕЙІН АШПАҢЫЗ» деген мәтін көрсетілуі тиіс жабық конвертте ұсынады. Өтінімдер ақпараттық хабарда көрсетілген қабылдау мерзімі өткеннен кейін комиссияның қарауына қабылданбайды. Қағиданың 14 және 15-тармақтарына сәйкес қатысу үшін өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 2-қосымшаға сәйкес өтінімді уақтылы беру қажет. Өтінімге өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына 3-қосымшаға сәйкес құжаттар тізбесі қоса беріледі. https://adilet.zan.kz/kaz/docs/V2400035356 https://zan.gov.kz/client/#!/doc/212624/kaz https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-sayasat/documents/details/874485?lang=kk

    Жарияланды: