Бүгін өңірдің үкіметтік емес ұйым өкілдері облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту мен Дін істері, Дене шынықтыру, спорт және туризм басқармаларының басшыларымен кездесті.
Іс-шара Қазақстанның XII Азаматтық форумының ұсынымдарын өңірде іске асыру жөніндегі 2026-2027 жылдарға арналған іс-қимыл жоспары аясында ұйымдастырылды.
Жиында басқармалардың 2026 жылы атқарған жұмыстары, азаматтық қоғамды дамыту және үкіметтік емес ұйымдармен өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды. Сонымен қатар ҮЕҰ өкілдерінің ұсыныстары тыңдалып, сауалдарына жауап берілді.
Айта кетейік, бүгінге дейін барлығы 5 кездесу өткізілді. Оның ішінде, білім беру, жұмыспен қамту, еңбек, экология, табиғи ресурстар, ауыл шаруашылығы және су ресурстарын реттеу, құрылыс, экономика, қаржы, кәсіпкерлік, цифрландыру мен автомобиль жолдары салалары қамтылды.
Алдағы уақытта денсаулық сақтау, энергетика, ішкі саясат салалары мен Атырау қаласы әкімдігі және Төтенше жағдайлар департаментінің қатысуымен кездесулер өткізіледі. Сонымен қатар жыл соңына дейін ҮЕҰ өкілдерінің облыс әкімімен кездесуі де жоспарланды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








