Атырауда «TAMYR» рухани stand-up жобасының қорытынды кеші өтіп, жоба аясында қозғалған өзекті тақырыптар қорытындыланды.
Облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен жүзеге асырылған жоба қоғамдағы рухани-адамгершілік және ұлттық құндылықтарды заманауи сахналық формат арқылы насихаттауға бағытталды.
Жоба аясында Атырау қаласында 4, әр ауданда 7 кездесуден, барлығы 11 рухани stand-up кеші ұйымдастырылды. Нәтижесінде 4 мыңнан астам көрермен қамтылып, қатысушылардың 60 пайызын жастар құрады. Кездесулер барысында ұлттық құндылықтар, рухани тәрбие, отбасы институты, кітап оқу мәдениеті мен ұрпақтар сабақтастығы тақырыптары қамтылды.
Қорытынды кештің арнайы қонағы – «Kitapal» жобасының негізін қалаушы Данияр Жігітбек болды. Сондай-ақ ұстаз Мақсат Хайрбекұлы, Нұрбол Маратұлы, Әділет Сүйінғалиұлы және Нұрбек Омар қатысты.
«TAMYR» жобасының басты ерекшелігі – маңызды қоғамдық және рухани мәселелерді stand-up жанры арқылы қарапайым әрі түсінікті тілде жеткізуінде. Осылайша, жоба көрерменге ой салып қана қоймай, ұлттық және отбасылық құндылықтар төңірегінде ашық пікір алмасуға мүмкіндік берді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








