«Atyrau Volunteer Awards 2026» өңірлік байқауына өтінім қабылдау басталды

    1 / 2

    Байқау облыстық Ішкі саясат басқармасының қолдауымен «Atyrau Volunteer Corps» жобасы аясында жүзеге асырылуда.

    Мақсаты – волонтерлік қызметті дамыту, қоғам игілігі жолында белсенділік танытып жүрген азаматтардың еңбегін бағалау және үздік волонтерлік бастамаларды қолдау.

    Байқау төмендегі 10 номинация бойынша өткізіледі:

    • «Жыл волонтері»;
    • «Ізгілік жаршысы»;
    • «Үздік медицина волонтері»;
    • «Табиғат жанашыры»;
    • «Жануарлар қамқоршысы»;
    • «Қауіпсіздік сақшысы»;
    • «Үздік күміс волонтер»;
    • «Үздік аудандық волонтерлік ұйым»;
    • «Үздік волонтерлік жоба»;
    • «Үздік корпоративтік волонтерлік».

    Байқауға Атырау облысының 14-35 жас аралығындағы жастары қатыса алады. Ал «Үздік күміс волонтер» номинациясы бойынша жас шектеуі қарастырылмаған.

    Өтінімдер қарашаның 6-сы мен 25-і аралығында қабылданады. Қатысуға өтінім жіберу үшін сілтемеге өтіңіз:

    https://docs.google.com/forms/d/e/1FAIpQLSfo6auZetCbDeVMkHmuaDq9bStQJQixPcYSLau6p3kL-4BejA/viewform

    Қосымша ақпарат бойынша +7 (775) 799-23-34 нөміріне хабарласа аласыз.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы" жаңалықтары