Ауылымызда ветеринариялық пункттің құрылысы аяқталды.

    1 / 5

    Құрметті Первомай ауылының тұрғындары!

    Сіздерге қуанышты жаңалығымызды жеткізгіміз келеді!

    Ауылымызда ветеринариялық пункттің құрылысы аяқталды. Нысан толық пайдалануға берілгеннен кейін ауыл шаруашылығы жануарларына жүргізілетін барлық ветеринариялық іс-шаралар мен өңдеу жұмыстары осы пунктте жүзеге асырылатын болады.

    Бұл ауыл тұрғындары үшін ветеринариялық қызмет көрсетудің қолжетімділігін арттырып, ветеринариялық іс-шараларды ыңғайлы әрі сапалы жүргізуге мүмкіндік береді.

    Осы жобаның жүзеге асуына үлес қосқан барша азаматтарға алғыс білдіреміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "«Первомай ауылы әкімінің аппараты» ММ" жаңалықтары