Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар шеңберінде әлеуметтік жобаларды іске асыруға, ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт?
Қазақстан Республикасы «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңының 41-бабы 5-тармағына сәйкес мәліметтер жыл сайын 31 наурызға дейін ұсынылады. ҮЕҰ Дерекқорына мәлімет ұсыну мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және мемлекеттік гранттар аясында әлеуметтік жобаларды іске асыруға, ҮЕҰ үшін сыйлық алуға арналған конкурсқа қатысу үшін міндетті шарт. ҮЕҰ Дерекқорына мәліметтерді ұсынбауы, уақтылы ұсынбауы және анық емес немесе көрінеу жалған мәліметтерді ұсынуы үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті әкімшілік жауапкершілік көзделген.