«Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу: заң және тәжірибе» тақырыбында үш күндік облыстық семинар-тренинг өтуде

    1 / 3

    Атырау облысында учаскелік полиция инспекторларына тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жәбірленушілермен жұмыс істеу тәсілдері үйретілуде. Осы мақсатта «Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу: заң және тәжірибе» тақырыбында үш күндік облыстық семинар-тренинг өтіп жатыр.

    Оған қала мен ауданнан келген учаскелік полиция инспекторлары қатысуда. Іс-шараны облыстық Ішкі саясат басқармасы мен облыс әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның қолдауымен «Шаңырақ-2008» қоғамдық бірлестігі өткізуде.

    Оқыту барысында полиция қызметкерлері тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға қатысты заң талаптарын, құқық бұзушылық белгілерін анықтау және мұндай жағдайларға жедел әрекет ету тәртібін меңгеруде. Сондай-ақ жәбірленушілермен сенімді байланыс орнату, психологиялық жай-күйін ескере отырып сөйлесу, күйзеліс жағдайындағы адамдарға қолдау көрсету және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қамтылған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы" жаңалықтары