Ақтөбеде учаскелік инспектор ауыл тұрғынын өрттен құтқарды

    Ақтөбе облысыныңБайғанин ауданындаполицейдіңқырағылығы мен жедел әрекетінің арқасында адам өміріқұтқарылды.

    2026 жылғы 1 қарашада Байғанин ауданы полиция бөлімінің учаскелік инспекторы Нұрмағамбет Байжазық қоғамдық тәртіптіқамтамасыз ету мақсатында өзі қызмет көрсететінАлтай батыр ауылын аралапжүрген. Сағат 16:00 шамасындаол Орталық көшесіндегі 37-үйдің төбесі мен терезесінен түтін шығып жатқанын байқаған.

    Жағдайдың қауіпті болуы мүмкін екенін аңғарған полицей дереу барып, үйге кірген. Алғашында түтінге оранған үйдің ішінен адамның бар-жоғы байқалмаған. Полиция капитаныНұрмағамбет Байжазықжылдам су тасып, тұтанған өртті сөндіруге көшкен. Өртті сөндіре жүріп, ол 102 арнасы менауылдық округ әкіміне хабар беріп,жедел көмек сұраған.

    Өрт қаупін жылдам сейілтіп, түтіндеген үйге қайта кірген кезде полицейес-түссіз жатқан ер адамды байқаған.Келіп жеткен ауыл әкімімен бірге өміріне қауіп төнген адамдыүйден сыртқа алып шыққан.Оқиға орнында зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем шақырылған.

    Кейін анықталғандай, үйдегіпештің айналасы отқа оранып, төбедегі мұржаның түбі жанған.

    Оқиғадан кейін ауыл тұрғыны, көпбалалы ана Бибатша Абенова полиция қызметкерінеәсерлі жазба жолдап, аналық алғысын жеткізді.

    «Ана ретінде баламның тірі қалғанына қатты қуанып отырмын. Баламды аман алып қалғаныНұрмағамбеткеалғысым шексіз.Дені сау болсын, осындай жандар көбейе берсін!» деп ақ батасын арнады толқығанзейнеткер.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының Полиция департаменті" жаңалықтары