Алжир, 2026 жылғы 3 қараша - Қазақстан Республикасының Алжирдегі Елшісі Әнуарбек Ахметов Алжир Халық Демократиялық Республикасының Министрі, Цифрландыру жөніндегі Жоғары комиссары Мерием Бенмулудпен кездесті.
Тараптар цифрландыру, ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект салаларындағы Қазақстан-Алжир ынтымақтастығын дамытудың перспективаларын талқылады.
Кездесу аясында Ә.Ахметов алжирлік министрге Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауының мәтінін табыс етті. Алжир тарапы Жолдаудың мазмұнымен қызығушылық таныта отырып, Қазақстанның цифрландыру, ақпараттық технологияларды дамыту және заманауи цифрлық инфрақұрылымды қалыптастыру салаларындағы жетістіктері мен бастамаларын атап өтті.
М.Бенмулуд Қазақстанның ұлттық цифрлық экожүйені қалыптастыру, суперкомпьютерлік қуаттарды тиімді пайдалану және жасанды интеллект технологияларын кеңінен енгізу бағыттарында қол жеткізген табыстарына жоғары баға берді.
Алжир министрі цифрлық саланы жүйелі дамытудағы қазақ тәжірибесін зерделеуге және оны іс жүзінде қолдануға қызығушылық білдіріп, Қазақстанның Орталық Азиядағы жетекші цифрлық орталықтардың бірі ретіндегі рөлін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша әңгімелесушілер маңызды бағыттар бойынша өзара іс-қимылды жалғастыруға уағдаласты және ресми және сараптамалық делегациялардың сапарларымен алмасуды, сондай-ақ шарттық-құқықтық базаны пысықтауды қоса алғанда, екіжақты өзара іс-қимылды жандандыру жөніндегі нақты қадамдарды белгіледі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








