Қазақстан мен Алжир кәсіпкерлері арасында Республика күні қарсаңында Бизнес-телекөпір өтті

    1 / 4

    Алжир, 2026 жылғы 19 қазан - Қазақстан Республикасының күні, Қазақстан Тәуелсіздігінің 35-жылдығы және Қазақстан мен Алжир арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30-жыл толуына орай Қазақстанның Алжирдегі Елшілігі қазақ-алжирлік сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамыту перспективаларына арналған бизнес-дөңгелек үстел мен телекөпір ұйымдастырды.

    Қазақстанның Алжирдегі Елшісі Әнуарбек Ахметов қатысушыларға Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың барысы туралы жан-жақты баяндап, екі мемлекет арасындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне тоқталды. Қазақстанның сауда-экономикалық және инвестициялық әлеуетіне, сондай-ақ ұлттық экономиканың басым салаларына ерекше назар аударылды.

    Өз кезегінде, алжирлік кәсіпкерлер Қазақстанда инвестиция салуға қолайлы жағдайлар қалыптасқанын атап өтіп, екіжақты іскерлік байланыстарды одан әрі кеңейтуге мүдделілік танытты.

    Пікірталас барысында тараптар ауыл шаруашылығы, энергетика, цифрландыру, көлік және қаржы салаларындағы өзара іс-қимыл перспективалары жөнінде пікір алмасты.

    Бизнес-көпірге екі ел экономикасының басым салаларында жұмыс істейтін 20 алжирлік және 10 қазақ компанияның басшылары қатысты. Онлайн-кездесу барысында қатысушылар өз компанияларының қызметі туралы ақпарат ұсынып, алжирлік серіктестермен ынтымақтастықты дамытудың перспективалы бағыттарын айқындады. Сонымен қатар өзара тиімді іскерлік байланыстар орнатуға және бірлескен жобаларды іске асыруға қызығушылық білдірді.

    Жалпы, алжирлік кәсіпкерлер Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтап, елдің саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуындағы елеулі жетістіктерін атап өтті. Сондай-ақ, олар Қазақстанда бизнес жүргізу және инвестициялық жобаларды іске асыру мүмкіндіктерімен жақынырақ танысуға жағдай жасағаны үшін қазақ дипломаттарға алғыс білдірді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы Елшілігі" жаңалықтары