Қазақстан Республикасы күні қарсаңында Алжирде еліміздің мәдениеті мен дәстүрлері таныстырылды

    1 / 6

    Алжир қаласы, 2026 жылғы 22 қазан- Қазақстанның Алжирдегі Елшілігі Республика күніне, Тәуелсіздіктің 35 жылдығына және екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай ұйымдастырылған іс-шаралар топтамасы аясында «British School Algiers» халықаралық мектебінің аумағында еліміздің мәдениеті мен дәстүрлерін таныстыру іс-шарасын өткізді.

    Іс-шара Қазақстанның бай мәдени мұрасын, ұлттық дәстүрлерін, тағамдары мен заманауи жетістіктерін алжирлік және шетелдік оқушыларға, мұғалімдер мен дипломатиялық корпус өкілдеріне кеңінен паш етуге мүмкіндік берді.

    Мерекелік іс-шараның басты назарындағы нысандардың бірі қазақстандық оқушылар әзірлеген Қазақстан стенді болды. Онда еліміздің тарихы мен мәдениетінен сыр шертетін дәстүрлі киім үлгілері, ұлттық тұрмыс заттары және қазақ мемлекеттілігінің символдары ұсынылды.

    Бағдарламаның көрікті сәттерінің бірі мектеп оқушысының қазақ биін орындауы болды.

    Сондай-ақ отандастарымыз дайындаған ұлттық тағамдары қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы Елшілігі" жаңалықтары