Полицейлер үш айлық сәбиді ауруханаға жедел жеткізді

    29 қазанда Ақтөбе қаласы Сәңкібай батыр даңғылы мен Ғазиза Жұбанова көшесінің қиылысында қызметтік міндеттерін атқарып жүрген полиция қызметкерлері такси қызметі өкілінің көлікте үш айлық сәбиімен бірге отырған жолаушы әйелдің көмекке мұқтаж екені туралы хабарламасын алған. Сәбидің денсаулығы сыр беріп, жолдағы көлік кептелісіне байланысты олар медициналық мекемеге уақытылы жете алмаған.

    Жағдайды бағалаған Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері полиция лейтенанты Дархан Жұмабай мен полиция аға лейтенанты Нұрхат Сұлтан шұғыл әрекет етіп, анасы мен баласын ауруханаға өздері жеткізу туралы шешім қабылдады.

    Полиция қызметкерлерінің жедел әрекетінің арқасында әйел мен сәби қысқа уақыт ішінде балалар ауруханасына жеткізіліп, балаға қажетті медициналық көмек көрсетілді.
    Полиция қызметкерлерінің қырағылығы мен жанашырлығының арқасында сәбиді дәрігерлерге уақытылы жеткізуге мүмкіндік туды.

    Полиция департаменті құқық қорғау органдары қызметкерлерінің азаматтарға, әсіресе шұғыл көмек қажет болған жағдайда, әрдайым қол ұшын созуға дайын екенін еске салады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының Полиция департаменті" жаңалықтары