СҚО-да өңірдің 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы бағалануда

    1 / 13

    Мамандар гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі мен су тасқынына қарсы жүргізілген іс-шаралардың тиімділігін тексеруде.

    Солтүстік Қазақстан облысында өңірдің 2027 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығын бағалау жұмыстары жүргізілуде. Оған ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Төтенше жағдайлардың алдын алу комитетінің қызметкерлері, Төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың және басқа да мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері қатысуда. Негізгі мақсат – су тасқынының алдын алу бойынша жүзеге асырылған іс-шаралардың жай-күйі мен тиімділігін бағалау.

    Жұмыс сапары аясында мамандар Қызылжар, Есіл аудандарының, Шал ақын ауданының және Петропавл қаласының су тасқыны қаупі бар елді мекендерін аралады. Қорғаныс бөгеттері мен үйінділері, су өткізу құрылыстары және су тасқынынан қорғауға арналған басқа да нысандар тексерілді. Олардың техникалық жай-күйі мен тасқын суларды қауіпсіз өткізуге дайындығына ерекше назар аударылды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментi" жаңалықтары