СҚО ТЖД инклюзивті ортада қауіпсіздік мәдениетін дамытуда

    1 / 11

    Азаматтық қорғау бойынша оқыту балалардың ерекше білім беру қажеттіліктері мен қолжетімділік қағидаттарын ескере отырып өткізілді.

    Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері «Балабақша – мектеп-интернат» арнайы кешенінде азаматтық қорғау бойынша оқыту іс-шарасын өткізді. Кездесу барысында қатысушыларға төтенше жағдайлар кезіндегі негізгі мінез-құлық қағидалары, өрт шыққан жағдайда әрекет ету тәртібі, эвакуациялық шығу жолдарын пайдалану және ғимараттан ұйымдасқан түрде эвакуациялау алгоритмі түсіндірілді.

    Іс-шараның ерекшелігі – есту қабілеті бұзылған қатысушыларға ақпаратты ымдау тілі арқылы жеткізген сурдоаудармашының қатысуы болды. Сонымен қатар балалардың жеке қажеттіліктерін ескере отырып, қауіпсіз эвакуациялау, өзара көмек көрсету және қызметкерлердің төтенше жағдайлар кезінде әрекет етуге дайындығы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Мұндай іс-шаралар қолжетімді әрі қауіпсіз ортаны қалыптастыруға және қауіпсіздік мәдениетін арттыруға ықпал етеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстiк Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаментi" жаңалықтары