Қарағандыда ұялы телефон ұрлаған екі күдікті ұсталды. Қарағандыда полиция қызметкерлері ұялы телефон ұрлығының екі дерегін ашты. Екі жағдайда да күдіктілер анықталып, ұсталды. Ұрланған телефондар тәркіленді. Алғашқы ұрлық қаланың дәмханаларының бірінде болған. Белгісіз адам 21 жастағы қызметкердің жеке заттарын сақтайтын шкафынан құны 300 мың теңге болатын ұялы телефонын ұрлап кеткен. Қылмыс сәті бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Жазбаларды зерделеген полицейлер 26 жастағы күдіктіні анықтап, ұстады. Екінші оқиға қоғамдық көлікте тіркелді. Автобус ішінде 51 жастағы жолаушының қалтасынан ұялы телефонын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 76 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер 45 жастағы қарағандылықты күдікті ретінде ұстады. Қазіргі уақытта екі дерек бойынша да тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды. Ұрланған телефондар заттай дәлел ретінде тәркіленді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









