Алға ауданына жұмыс сапарымен келген делегация өкілдері аудан активімен кездесіп, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді.
Кездесуге Құрылтай депутаты Лаура Чапайқызы Қарабасова, Қазақстан халық кеңесінің мүшесі Сағынғазы Даниярұлы Құрманалин, ҚР Энергетика вице-министрі Ілияс Бақытжан Нассенұлы аудан әкімі Асланбек Шүйіншәлиев қатысты.
Жиын барысында Мемлекет басшысының Жолдауында айқындалған ел дамуының басым бағыттары, әлеуметтік-экономикалық реформалар, халықтың әл-ауқатын арттыру, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау және энергетика саласын дамыту мәселелері кеңінен талқыланды.
Делегация мүшелері өз салалары бойынша алдағы міндеттерге тоқталып, Президент тапсырмаларын іске асыру тетіктері жөнінде түсінік берді.
Сонымен қатар, ел дамуына серпін беретін бастамаларды жүзеге асыруда мемлекеттік органдар мен қоғам арасындағы өзара байланысты нығайтудың маңыздылығы атап өтілді. Кездесу барысында қатысушылар өзара пікір алмасып, Жолдауда көтерілген өзекті мәселелер бойынша ой бөлісті. Сондай-ақ тұрғындарға Жолдаудың мазмұны мен маңызын кеңінен жеткізу, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу қажеттігі айтылды.
Жиын ел көлемінде жүзеге асырылатын маңызды міндеттерді жергілікті деңгейде талқылап, алдағы жұмыс бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









