Қысқы маусымда жолдарды күтіп ұстаудың дайындық жұмыстары пысықталды

    1 / 5

    Аудан әкімі Асланбек Шүйіншәлиевтің қатысуымен 2026–2027 жылдардағы қысқы кезеңде автомобиль жолдарын күтіп-ұстау жұмыстарының сапалы әрі үздіксіз жүргізілуін қамтамасыз ету мақсатында жауапты мердігер мекемелердің арнайы техникаларының дайындығы тексерілді.

    Тексеру жұмыстарына аудан әкімінің орынбасары, тиісті бөлім басшылары, коммуналдық қызмет өкілдері және жолдарды күтіп-ұстауға жауапты мердігер мекемелердің басшылары қатысты.

    Тексеру барысында қар тазалау, жолдарға құм-тұз қоспасын себу техникалардың жай-күйі, жарамдылығы және қысқы кезеңде пайдалануға дайындығы назарға алынды. Сондай-ақ қажетті жанар-жағармай мен құм-тұз қоспасының қоры, техникалардың үздіксіз жұмыс істеу мүмкіндігі пысықталды.

    Аудан әкімі қыс мезгілінде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қар тазалау жұмыстарын уақтылы ұйымдастыру және жолдардың үздіксіз қатынасын сақтау маңызды екенін атап өтті.

    Осыған орай жауапты мекеме басшыларына қысқы маусымға дайындықты толық аяқтап, арнайы техникалардың тұрақты әзірлігін қамтамасыз ету және қажетті жағдайда жедел әрекет ету бойынша нақты тапсырмалар берілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысы Алға ауданы Тамды ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары