Алға ауданының әкімі Асланбек Шүйіншәлиев Тамды, Еркінкүш, Талдысай ауылдарының тұрғындарымен кездесті.
Кездесу барысында аудан басшысы ағымдағы жылы аудан көлемінде жүзеге асырылған жұмыстарға тоқталып, алдағы кезеңге жоспарланған міндеттер мен ауылдық округтің әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстарды баяндады.
Жиын барысында Тамды, Еркінкүш және Талдысай ауылдарының тұрғындары елді мекендердегі өзекті мәселелерді көтеріп, оларды шешу жөнінде ұсыныстарын жеткізді.
Атап айтқанда, Тамды ауылының тұрғындары электр желілерін жаңарту, «Жұлдыз-ай» бөбекжай-балабақшасының ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді, сондай-ақ ауылдың 6 көшесіндегі автомобиль жолдарына асфальт салу қажеттігін атап өтті.
Еркінкүш ауылының тұрғындары жаңа мектеп пен медициналық пункт құрылысын жүргізуді, балалар ойын алаңын және грейдерлі жол салуды жалғастыруды сұраса, Талдысай ауылының тұрғындары елді мекенде жаңа мектептің қажет екендігін алға тартты.
Аудан әкімі тұрғындар тарапынан көтерілген мәселелерді тыңдап, әрбір ұсыныс бойынша тиісті жауаптар берді. Сонымен қатар, айтылған мәселелердің қолданыстағы жоспарлар мен мүмкіндіктер аясында қарастырылатынын атап өтті
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









