Қарағандыда велосипед ұрлаған күдікті ұсталды

    Қарағандыда велосипед ұрлаған күдікті ұсталды. Қарағандыда полицейлер велосипед ұрлығына күдіктіні оқиға ізін суытпай ұстады. Ол екі тұрғынның велосипедтерін ұрлады деген күдікке ілінді. Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне алдымен 29 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ол велосипедінің ұрланғанын хабарлаған. Арада екі күн өткен соң 33 жастағы әйел де полицияға жүгініп, өзіне тиесілі екі велосипедтің жоғалғанын айтқан. Оқиғалардың бірі тұрғын үйдің кіреберісіндегі бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Полицейлер бейнежазбаны зерделеп, жүргізілген жедел шаралардың нәтижесінде күдіктіні анықтады. Ұсталған азамат – Шет ауданының 41 жастағы тұрғыны. Ұрланған велосипедтер тәркіленді. Қазір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Полиция оның өңірде болған осыған ұқсас басқа да ұрлықтарға қатысы бар-жоғын тексеріп жатыр.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының Полиция департаменті" жаңалықтары