Қарағандылық полицейлер қоян-қолтық ұрыстан ел чемпионатында топ жарды

    Қарағандылық полицейлер қоян-қолтық ұрыстан ел чемпионатында топ жарды. Қарағанды облысы Полиция департаментінің командасы қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан Республикасының чемпионатында бірінші орын иеленді. Павлодар қаласында өткен жарысқа еліміздің құқық қорғау органдары мен күштік құрылымдарының өкілдері қатысты. Байрақты бәсекеде қарағандылық полицейлер жоғары деңгейдегі дайындықтарын, жауынгерлік шеберліктері мен жеңіске деген жігерін көрсетті. Тартысты жекпе-жектердің қорытындысы бойынша Қарағанды облысының командасы жалпыкомандалық есепте үздік атанып, чемпиондық атақты жеңіп алды. Осылайша, облыстық полиция департаментінің қызметкерлері республикалық деңгейдегі жарыста өңір намысын абыроймен қорғап, жоғары нәтиже көрсетті.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысының Полиция департаменті" жаңалықтары