Қарағандыда қоқысты түнде заңсыз төккен тұрғын камераға түсіп қалды. Қарағандыда ірі көлемді тұрмыстық қалдықтарды белгіленбеген жерге төккен тұрғын анықталды. Құқық бұзушылық бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Қаланың Жаңа Майқұдық полиция бөлімінің қызметкерлері абаттандыру қағидаларын бұзу дерегін анықтады. Түнгі уақытта 32 жастағы қала тұрғыны ірі көлемді қоқысты арнайы белгіленбеген жерге төгіп кеткен. Алайда ол қараңғылықты пайдаланып, әрекетін ешкім байқамайды деп ойлағанымен, бейнебақылау камераларын ескермеген. Камера жазбаларын зерделеу арқылы полицейлер құқық бұзушыны жедел анықтады. Аталған азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар оған айыппұл төлеумен бірге, төгілген қоқысты өз күшімен және өз қаражаты есебінен арнайы полигонға шығару міндеттелді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









