Қарағанды облысының полициясы мен жеке күзет құрылымдары қауіпсіздік саласындағы серіктестікті нығайтты. Қарағанды облысының Полиция департаментінде Күзет ұйымдары қызметкерлерінің күніне арналған күзет қызметі субъектілерінің өкілдерімен кеңес пен марапаттау рәсімі өтті. Кездесуді Қарағанды облысы ПД бастығының орынбасары полиция полковнигі Жасқайрат Иманбекұлы Қайыров ашты. Іс-шараға ПД Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы полиция полковнигі Рубен Юрьевич Овсепян және қаламыздың күзет қызметі субъектілерінің өкілдері қатысты. Кеңесті ашқан полиция полковнигі Жасқайрат Қайыров қазіргі жағдайда құқықтық тәртіпті қорғау мәселелері барлық қауіпсіздік субъектілерінің күш-жігерін біріктіруді талап ететінін атап өтті. «Жеке күзет ұйымдары бүгінде қауіпсіздік жүйесінің маңызды элементі болып табылады және қоғамдық тәртіпті сақтауда, меншік пен азаматтардың өмірін қорғауда полиция жұмысын тиімді толықтырып келеді. Ішкі істер органдары мен күзет құрылымдары арасындағы тиімді ынтымақтастық – өңірдегі тұрақтылық пен тыныштықтың тікелей кепілі», — деді Жасқайрат Қайыров. Қорғалатын объектілерде құқық бұзушылықтардың алдын алу және ескерту саласындағы ІІО мен жеке күзет ұйымдарының ағымдағы өзара іс-қимылы туралы облыстың Полиция департаменті Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Рубен Овсепян баяндама жасады. Өз кезегінде «Qalqan Semser 09» ЖШС бас директорының орынбасары Эрик Ахметов білім беру объектілерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қойылатын өзекті талаптарға тоқталып, мемлекеттік құқық қорғау органдарымен үйлесімді түрде жұмыс істеудің маңыздылығына назар аударды. Іс-шараның шарықтау шегі күзет қызметі саласындағы үздік қызметкерлер мен мамандандырылған оқу орталықтарының басшыларын марапаттау рәсімі болды. Жоғары кәсібилігі мен құқықтық тәртіпті нығайтуға қосқан үлесі үшін күзет кәсіпорындарының бірқатар қызметкерлері мен басшылары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, сондай-ақ Қарағанды облысы Полиция департаментінің грамоталарымен және алғыс хаттарымен марапатталды. Қатысушыларды кәсіби мерекелерімен құттықтай отырып, Полиция департаментінің басшылығы полиция мен жеке қауіпсіздік секторлары арасындағы серіктестік заңдылық, өзара сенім және ортақ іске деген жауапкершілік қағидаттары негізінде дами беретініне сенім білдірді. Алдағы уақытта күзет қызметінің сапасын көтеру, тәртіпті нығайту және қорғалатын нысандардағы қауіп-қатердің алдын алу басты назарда болады.
Қарағанды облысының полициясы мен жеке күзет құрылымдары қауіпсіздік саласындағы серіктестікті нығайтты
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

Ақтөбе облысында кәсіпкерлікті қолдау шаралары кеңейтілуде: өңірдің үздік кәсіпкерлері марапатталды
Ақтөбе облысының дін істері басқармасыАшу
Сеулде Қазақстанның Республика күніне орай салтанатты қабылдау өтті
Қазақстан Республикасының Кореядағы ЕлшілігіАшу
Мәдениет майталмандары мемлекеттік наградалармен марапатталды
Ақтөбе облысының дін істері басқармасыАшу
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында ауқымды құрылыс бағдарламасы мен экономикалық реформалардың негізгі бағыттарын айқындады
Қазақстан Республикасының Чех Республикасындағы ЕлшілігіАшу
Президент:
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы Өмірзақ ауылдық округі әкімінің аппаратыАшу
"Қарағанды облысының Полиция департаменті" жаңалықтары

Қарқаралыдан Балқашқа дейін: Қарағанды облысында браконьерліктің екі дерегі анықталды
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу
TikTok желісіндегі әдепсіз әрекет үшін Қарағанды облысының тұрғынына айыппұл салынды
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу
Қарағандыда қалдықтарды белгіленбеген жерге төккен кәсіпорын жауапкершілікке тартылды
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу
Қарағандыда бейнебақылау камерасы көліктен жасалған ұрлықты ашуға көмектесті
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу
Қарағанды облысының полицейлері Республика күніне орай марапатталды
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу