Қарқаралыдан Балқашқа дейін: Қарағанды облысында браконьерліктің екі дерегі анықталды. Қарағанды облысында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында табиғатқа зиян келтірген екі заңсыз әрекеттің жолы кесілді. Заңсыз аңшылық пен балық аулаудың алдын алу мақсатында табиғат қорғау полициясының мамандандырылған мобильді топтары жұмыс жүргізуде. Браконьерліктің алғашқы дерегі Қарқаралы ауданында тіркелді. Таулы аймақтан шыға берісте полицейлер Шет ауданының 29 жастағы тұрғыны тізгіндеген Toyota Harrier автокөлігін тоқтатқан. Көлікті тексеру кезінде салоннан Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген сирек кездесетін арқардың ұшасы табылды. Ал екінші заңсыз әрекет Балқаш көлінің акваториясында анықталды. Жағалаудан шамамен 15 шақырым қашықтықта Алматы облысының 47 және 25 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Олар балық аулауға тыйым салынған ау құралдарын пайдаланып, заңсыз кәсіппен айналысқан. Нәтижесінде 50 келіден астам балық ауланған. Табиғатқа келтірілген шығын көлемі 500 мың теңгеден асады. Аталған екі дерек бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қарқаралыдан Балқашқа дейін: Қарағанды облысында браконьерліктің екі дерегі анықталды
Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу
Ұқсас материалдар

«АЛТЫН КҮЗ – 2026» МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Ордабасы ауданы әкімінің аппаратыАшу
Қазақстан Республикасының Мексикадағы Елшілігі шетел азаматтарының елімізге келуіне арналған электрондық рұқсатты (ETA) «QazETA» мемлекеттік цифрлық платформасы арқылы ресімдеу тәртібі, шарттары мен мерзімдері туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы ЕлшілігіАшу
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2026 жылғы 28 қазандағы Қазақстан халқына Жолдауында жаңа Азаматтық кодексті қабылдау қажеттігін айтты.
Шымкент қаласының Әділет департаментіАшу
Жетісу құтқарушылары самбодан жүлделі орындарға ие болды
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаментіАшу
Қызылорда облысында электронды білезіктер арқылы 104 құқық бұзушылық анықталды
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖДАшу
"Қарағанды облысының Полиция департаменті" жаңалықтары

Қарағанды облысының полициясы мен жеке күзет құрылымдары қауіпсіздік саласындағы серіктестікті нығайтты
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу
TikTok желісіндегі әдепсіз әрекет үшін Қарағанды облысының тұрғынына айыппұл салынды
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу
Қарағандыда қалдықтарды белгіленбеген жерге төккен кәсіпорын жауапкершілікке тартылды
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу
Қарағандыда бейнебақылау камерасы көліктен жасалған ұрлықты ашуға көмектесті
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу
Қарағанды облысының полицейлері Республика күніне орай марапатталды
Қарағанды облысының Полиция департаментіАшу