Жыланды ауылындағы Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернаты мен Grantfield білім беру платформасы арасында өзара серіктестік орнатылды.
Аталған серіктестік лицей-интернат директоры Қуаныш Тәукебаевтың бастамасымен жүзеге асып, мектеп оқушыларына Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) сапалы дайындалуға мүмкіндік беретін Grantfield платформасына қолжетімділік ашылды.
Бұл бастама мектеп оқушыларының білім деңгейін арттыруға, білім беру үдерісіне заманауи цифрлық технологияларды енгізуге және олардың жоғары оқу орындарына түсу мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Серіктестік лицей басшылығы мен РФМШ-тың 11-сынып оқушыларының бірлескен жұмысының нәтижесінде жүзеге асты.
Аталған ынтымақтастық алдағы уақытта да жаңа білім беру жобаларына жол ашып, оқушылардың білім сапасын арттыруға өз үлесін қосады деп сенеміз.
Білімге салынған инвестиция – болашаққа жасалған қадам!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









