Жыланды ауылында мазмұнды кездесу өтті
Жыланды ауылында «Сенімен Болашақ» республикалық қоғамдық бірлестігінің құрылтайшысы Нұркен Асановтың азаматтармен кездесуі өтті. Кездесу «Саналы қоғам – сапалы мемлекет. Сапалы мемлекет – өркенді елдің кепілі» тақырыбына арналды.Іс-шараның негізгі мақсаты – қоғамдағы өзекті мәселелерді талқылау, азаматтардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдау, ел болашағына қатысты маңызды бастамаларды ортаға салу және саналы ұрпақ тәрбиелеу бағытындағы ортақ жауапкершілікті нығайту.Кездесу барысында саналы қоғам қалыптастырудың маңыздылығы, ұрпақ тәрбиесі, қоғамдық жауапкершілік, ұлттық құндылықтарды дәріптеу және мемлекет дамуына әрбір азаматтың қосар үлесі жөніндегі мәселелерге назар аударылды.Саналы қоғам – ел дамуының берік негізі. Ал сапалы мемлекеттің басты тірегі – білімді ұрпақ, жауапты азамат, әділдік пен тәртіп және қоғамдық келісім.Осындай кездесулер қоғам мен азаматтар арасындағы байланысты нығайтып, ел болашағына бейжай қарамайтын саналы ұрпақ қалыптастыруға ықпал етеді.
Ел болашағы – саналы ұрпақтың қолында! Бірлігіміз бекем, қоғамымыз саналы, мемлекетіміз өркенді болсын!









