Жетісу облысы Алакөл ауданы Жыланды ауылдық округі әкімінің аппараты

    Ауыл әкімінің аппараты

    «Алакөл ауданының Жыланды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – ауылдық округ әкімнің аппараты) ауылдық округ әкімінің қызметін ақпараттық –талдамалық, ұйымдастыру-құқықтық кеңесші және материалдық-техникалық қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар
    Ақпарат

    Мемлекеттік қызметтер бойынша ІІІ тоқсанға есеп

    Жыланды ауылдық округі әкімдігімен «Мемлекеттік көрсетілген қызметтердің сапасын ішкі бақылау бойынша жергілікті атқарушы органның жұмысы туралы есепке» талдамалық анықтама (2026 жылдың IІІтоқсаны) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына» сәйкес, есепті кезеңде Жыланды ауылдық округі бойынша 1 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде: Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру – 0 Жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату – 0. Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру – 0. Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу – 1. Сонымен қатар, есепті кезеңде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер Заңның, тізілімнің, қағиданың және осылардан туындайтын басқа да нормативтік-құқықтық актілердің нормаларын түсіндіру бойынша 4 іс-шаралар ұйымдастырылды. Аталған іс-шаралға жалпы 38 адам қатысты. Есепті кезеңде аталған «Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары» арқылы 27 қызмет электронды түрде көрсетілді.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Ауылшаруашылық саласы бойынша

    Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді тиімді пайдалану, ауыл тұрғындарын жеке меншік малдарының ұрлықтан қорғауға қатысты іс-шаралардың іске асырылуын бақылау:Округ бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы 6781 га егістік жерлерінің толық игерілуін және ауылшаруашылығы айналымының үлесінің арттырылуын қамтамасыз ету;Игерілмеген ауыл шаруашылығындағы жерлерді аудандық жер қорына қайтару жұмыстарының жүргізілуін қадағалау;Жеке меншік малдарының ұрлығының алдын-алу бойынша үш жақты келісім-шарт жасау.Жыланды ауылдық округі бойынша барлық ауыл шаруашылық мақсатындағы жер көлемі – 76507 гектароның ішінде:Егістік жер көлемі – 6781 гектарЖайылым жер көлемі – 64944 гектарШабындық жер көлемі –4781 гектарӨзге де жерлер – 1000 гектарЕлді-мекен жерлері – 4146 гектарКонкурсқа қойылатын бос жерлер – 0Округ бойынша мал басы:Мүйізді ірі қара мал басы – 2500 бас, оның ішінде үй шаруашылығындағы ірі қара мал басы саны – 1200 бас, шаруа қожалықтар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің ірі қара мал басы саны – 1300 бас.Ұсақ мүйізді мал басы саны (қой-ешкі) – 4000 бас.Жылқы – 200 бас, оның ішінде үй шаруашылығындағы жылқының саны – 270 бас, Жыланды ауылдық округі бойынша 2 Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы және 36 жеке шаруа қожалықтар тіркелген.

    Жарияланды:
    Есеп

    Бюджеттік бағдарламалардың ( кіші бағдарламалардың) іске асырылуы туралы есеп 2025 қаржы жылындағы есепті кезең

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Қаржы саласы бойынша

    «Жыланды ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің бюджеттің жылдық жоспарын бекіту және бекітілген жоспарға сәйкес уақытылы тиімді игеру іс-шаралары жүргізілді. «Мемлекеттік сатып алу заңына» сәйкес жұмыстар жүргізілді, кемшіліктер орын алған жоқ. Жалпы жасалған келісім шарт 47 оның ішінде; тікелей бір көзден сатып алу арқылы 1 келісім шарты болған заң талаптарына рұқсат етілгендер (электрэнергиясы,т.б), Өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бiр көзден сатып алу бойынша 20, баға ұсынымы бойынша 25 келісім шарт. Конкурс тәсілімен 1 келісімшарт Ауыл әкімі аппаратының бюджеті 9 айға 53 млн 013 мың теңгені құраған болатын. Аталған мәселе бойынша жоғары тұрған органдардан және уәкілетті органдардан ұсынымдар болған жоқ.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Білім саласы

    Білім саласы Жыланды ауылдық округі аумағында 3 негізгі орта мектеп, Жетісу облысының қарамағындағы 1 дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернаты жұмыс істейді. Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей интернатында 242 оқушы, даярлық сыныбында -7 оқушы , мұғалімдер саны -47. Қазіргі уақытта бұл мектеп 48 тонна сұйық отынмен қамтамасыз етілген, жылыту маусымы жоспарға сәйкес өтуде. "Мектепке жол" акциясы аясында демеушілер көмегімен жалпы сомасы 800000 теңгеге 36 оқушы мектеп киімі және оқу құралдармен қамтамасыз етілді. Көкжар негізгі орта мектебінде 40 оқушы, даярлық сыныбында -4 оқушы , мұғалімдер саны -15. 2 оқушы негізгі мектепті аяқтап, 1- еуі колледжге, 1-еуі 10 сынып оқуға кетті. Қазіргі уақытта бұл мектеп 18 тонна көмірмен қамтамасыз етілген, жылыту маусымы жоспарға сәйкес өтуде.Көкжар мектебінде "Мектепке жол" акциясы аясында демеушілер көмегімен жалпы сомасы 200000 теңгеге 20 оқушыға оқу құралдармен қамтамасыз етілді. Жеке кәсіпкерлер 12 оқушыны киім-кешекпен қамтамасыз етті. Шынжылы негізгі орта мектебінде 31 оқушы, даярлық сыныбында – 3 бала, мұғалімдер саны – 14. Шынжылы мектебінде «Мектепке жол» акциясы аясында демеушілер көмегімен жалпы сомасы 220 000 теңгеге 13оқушы мектеп киімі және оқу құралдарымен қамтамасыз етілді. Төңкеріс негізгі орта мектебінде 29 оқушы, даярлық сыныбында – 0 бала, мұғалімдер саны – 20. «Диана құрылыс» дүкені тарапынан 2 оқушыға мектеп формасы мен оқу құралдарын алуға 70 000 теңге және 50 000 теңге, жалпы 120 000 теңге көлемінде көмек көрсетілді. Жыланды округінің әкімі тарапынан 2 оқушыға 50 000 теңгеден 100000 тенге көлемінде қаржылай көмек көрсетілді. Сонымен қатар, мектепте пән мұғалімдері Айтбаева Арнагүл, Өміржанова Гүлнұр, Арыстан Балжан – 6 оқушыға мектепке қажетті оқу құралдарын алып берді. Жалпыға бірдей білім беру қорынан (ЖББ қоры) 15 оқушыға 508851 тенге көлемінде қаржылай әлеуметтік көмек көрсетілді. Оқушылар білімді штаттық режимде алып жатыр. Қазіргі уақытта мектептер қатты отынмен толық қамтамасыз етілген, жылыту маусымы жоспарға сәйкес өтуде.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Денсаулық сақтау саласы

    Шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алакөл аудандық ауруханасы» МКҚК Қабанбай ауылы бөлімшесінің Жыланды дәрігерлік амбулаториясының негізгі міндеттері Жыланды дәрігерлік амбулаториясы – ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру мақсатында жаңадан ашылған, заманауи талаптарға сай медициналық-санитариялық көмек көрсететін медициналық ұйым. Амбулатория өзіне бекітілген аумақтағы тұрғындарға профилактикалық, диагностикалық, емдік және медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастырады. Жыланды дәрігерлік амбулаториясының негізгі міндеттері: Өзіне бекітілген аумақтың халқына алғашқы медициналық-санитариялық көмекті амбулаториялық жағдайда және үйде көрсетуді ұйымдастыру және қамтамасыз ету; Тұрғындардың денсаулық жағдайын тұрақты бақылау, ауруларды ерте анықтау, олардың асқынуы мен созылмалы түрге ауысуының алдын алу; Халық арасында аурушаңдықты, мүгедектікті және өлім-жітімді төмендетуге бағытталған кешенді профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу; Тұрғындарға медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету, әсіресе балаларға, жүкті әйелдерге, қарт адамдарға, созылмалы аурулары бар пациенттерге және медициналық бақылауды қажет ететін азаматтарға қажетті көмекті уақытылы көрсету; Күндізгі стационардың жұмысын ұйымдастыру, медициналық көрсетілімдер бойынша пациенттерді күндізгі уақытта қабылдау, емдеу және динамикалық бақылау жүргізу; Күндізгі стационарда пациенттерге дәрігердің тағайындауы бойынша емдік және диагностикалық шараларды жүргізу, медициналық процедураларды орындау және ем нәтижесін бақылау; Халықты профилактикалық медициналық қарап-тексерулермен және скринингтік зерттеулермен қамтуды ұйымдастыру; Жас ерекшеліктері мен нысаналы топтарға сәйкес онкологиялық, жүрек-қантамыр және басқа да әлеуметтік маңызы бар ауруларды ерте анықтау мақсатында скринингтік тексерулерді ұйымдастыру және жүргізу; Туберкулез және басқа да тыныс алу жүйесі ауруларын ерте анықтау мақсатында тұрғындарды флюорографиялық тексерумен қамтуды ұйымдастыру және флюорографиядан өту көрсеткіштерін бақылау; Скрининг және профилактикалық тексеру нәтижесінде ауруға күдікті немесе қауіп тобына жататын азаматтарды қосымша тексеруге, бейінді мамандардың консультациясына және қажетті емге уақытылы жіберуді ұйымдастыру;

    Жарияланды: