«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: ЖЫЛАНДЫ АУЫЛЫНЫҢ КІРЕБЕРІСІНЕ 78 ТҮП ҚАРАҒАЙ ОТЫРҒЫЗЫЛДЫ

    «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Жыланды ауылдық округіне қарасты Жыланды ауылының кіреберіс аумағын көгалдандыру және көркейту мақсатында 78 түп қарағай көшеті отырғызылды.

    Аталған игі бастамаға 1978 жылы туған Жыланды ауылының азаматтары демеушілік көрсетіп, көшеттерді арнайы жеткізді.Туған жердің гүлденуі мен табиғатты қорғауға үлес қосқан 1978 жылғы азаматтарға, сондай-ақ игі іске белсене қатысқан барша қызметкерлер мен ауыл тұрғындарына шынайы алғысымызды білдіреміз!

    Туған жерді көркейту – баршамызға ортақ міндет. Бірлігіміз бекем, еңбегіміз жемісті болсын!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Жыланды ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары