Қорытындылар шығарылды, міндеттер айқындалды ...

    1 / 2

    Ақмола бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінде ағымдағы жылдың 9 айдың қорытындысы шығарылды.

    Департамент қызметінің басым бағыты мемлекеттік қызметтерді сапалы көрсету болып табылады.

    Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша мемлекеттік бюджетке 607,6 млрд. теңге түсті.

    Салықтық және кедендік әкімшілендіру аясында қосымша резервтерін анықтау нәтижесінде 7,7 млрд. тенге, астам қамтамасыз етілді, оның ішінде осындай бөлімдер бойынша камералдық бақылау - 5,2 млрд. тенге, жер қойнауын пайданушыларды әкімшілендіру – 429 млн. теңге, қамералдық бақылау - 1,1 млрд. теңге, салықтық және кедендік тексерулер бойынша – 254 млн. теңге, кедендік әкімшілендіру – 165 млн. теңге, резидент еместерді әкімшілендіру - 24 млн. тенге, ЕАЭО шеңберінде жанама салықтарды әкімшілендіру – 314 млн. теңге және басқалар. Департамент кедендік бекеттерінде әр түрлі кедендік режимдерде 12 мың 940 тауар декларациясы ресімделген.

    Ағымдағы жылдың тоғыз айында 374 мың мемлекеттік қызметтер көрсетілді, оның ішінде 99,9 пайызы электронды түрде көрсетілгені атап өткен жөн.

    Мемлекеттік қызметтерді электрондық форматқа ауыстырудың арқасында еңбек ресурстары оңтайландырылды, қағаз құжат айналымы, көрсетілетін қызметті алушылардың уақыты және қаржылық шығындары қысқарды, тікелей байланыстар азайтылды және нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері азайды.

    Шара аумақтық мемлекеттік кірістер басқармаларының қатысуымен бейнеконференцбайланыс форматында өтті.

    Сондай-ақ салықтық-кедендік әкімшілендіруді одан әрі жетілдіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері талқыланды.

    Кеңес соңында жақын болашаққа міндеттер айқындалды оның ішінде болжау көрсеткіштерін орындауын қамтамасыз ету және тағы да басқалар.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары