«КҮЗГІ АСАР» ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

    «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында Жыланды ауылындағы мектеп-лицейде оқушылардың еңбекқорлығын арттыруға және қайырымдылық құндылықтарын дәріптеуге бағытталған «Күзгі асар» қайырымдылық жәрмеңкесі ұйымдастырылды.Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды адал еңбекке баулу, еңбектің қадірін түсіндіру, сондай-ақ жас ұрпақтың бойына мейірімділік, жанашырлық пен қамқорлық қасиеттерін қалыптастыру.Жәрмеңке барысында оқушылар өз қолдарымен дайындаған қолөнер бұйымдары мен түрлі тәтті тағамдарын ұсынып, шығармашылық қабілеттері мен еңбектерінің нәтижесін көрсетті. Шара қатысушылар арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, қайырымдылық пен өзара қолдаудың маңызын айқындай түсті.Жәрмеңкеден түскен қаражат мұқтаж жандарға көмек көрсетуге бағытталады. Мұндай игі бастамалар өскелең ұрпақты ізгілікке тәрбиелеп, қоғамда қайырымдылық мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

    Адал еңбек пен қайырымдылық – ізгілікті қоғамның негізі!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Жыланды ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары