«Қорқыт ата» әуежайының медициналық пунктінде ЖҚҚ-ны кию және шешу техникасы бойынша семинар өткізілді

    1 / 2

    2026 жылғы қазанда Қызылорда бөлімшелік көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының мамандары Қызылорда обаға қарсы станциясының мамандарымен бірлесіп, «Қорқыт ата» халықаралық әуежайының медициналық пунктінде «Жеке қорғаныш құралдарын (ЖҚҚ) кию және шешу техникасы» тақырыбында оқыту семинарын өткізді. Семинар барысында қатысушылар жеке қорғаныш құралдарын пайдалану қағидаларымен, оларды дұрыс кию және шешу реттілігімен, сондай-ақ аса қауіпті инфекциялық ауруларға күдік туындаған жағдайда инфекциялық қауіпсіздік талаптарын сақтау тәртібімен танысты. Қорғаныш киімін шешудің белгіленген алгоритмін сақтау, медицина қызметкерлерінің терісі мен киімінің ластану қаупін болдырмау және пайдаланылған жеке қорғаныш құралдарын қауіпсіз кәдеге жарату мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті" жаңалықтары