Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитеті·Жаңалықтар мұрағаты
1 / 2
Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан V Азия Пара ойындарында қазақстандық Ардақ Нұрмағамбетов пен Әли Махулбеков қола жүлдегер атанды.
Ардақ Нұрмағамбетов Үндістан спортшысы Сандип Дангиді 3:0 есебімен жеңді. Ал Әли Махулбеков жартылай финалда Қытай Гонконгінің өкілі Чжао Шуайға 0:3 есебімен есе жіберіп, қола медаль иеленді.
Бұл – Қазақстанның пара үстел теннисінен Азия Пара ойындары тарихында жеңіп алған алғашқы медальдары.







