«ҚЫРАН ЕЛІМ — ҚАЗАҚСТАН!»

    Жыланды ауылында Республика күніне арналған мерекелік шара өтті

    25 қазан – Республика күніне орай Жыланды ауылында ұлттық рухты асқақтатып, ел бірлігі мен тәуелсіздіктің құндылықтарын дәріптеуге бағытталған «Қыран елім — Қазақстан!» атты салтанатты мерекелік шара ұйымдастырылды.

    Мерекелік жиында Жыланды ауылдық округінің әкімі М. Садуақасов ауыл тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, жыл бойы өз саласында табанды еңбек етіп, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосып жүрген азаматтарды марапаттап, құрмет көрсетті.

    Сондай-ақ Ақсақалдар алқасының төрағасы Ж. Копчикпаев пен лицей-интернат директоры Қ. Тәукебаев мерекелік құттықтауларын жеткізіп, ауыл тұрғындарына ізгі тілектерін арнады.

    Шараның соңы патриоттық рухтағы әндер мен күмбірлеген күйлер орындалған концерттік бағдарламаға ұласып, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.

    Мерекелік іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан Жыланды лицей-интернатының ұжымына, өнер көрсеткен оқушыларға және демеушілік қолдау білдірген ауылдастарымызға шынайы алғысымызды білдіреміз.

    Республика күні құтты болсын! Еліміз аман, жұртымыз тыныш, тәуелсіздігіміз тұғырлы, бірлігіміз бекем болсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Жыланды ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары