АЛТЫН КҮЗ – 2026» МЕРЕКЕСІ ӨТТІ!

    Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернатында 5–8 сынып оқушылары арасында «Алтын күз – 2026» мерекелік іс-шарасы ұйымдастырылды.Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, өнерге баулу, эстетикалық талғамын қалыптастыру және күз мезгілінің қайталанбас сұлулығын дәріптеу.Мереке барысында оқушылар өз өнерлерін ортаға салып, шығармашылық қабілеттері мен белсенділіктерін көрсетті. Күздің әсем бояуларына толы мерекелік шара қатысушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, ерекше әсер қалдырды.

    Алтын күз – молшылықтың, берекенің және әсемдіктің символы!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Жыланды ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары