«Таза Қазақстан» – тазалық пен тәрбие бастауы

    «Қамқор» жобасы аясында Дарынды балаларға арналған Жыланды мамандандырылған лицей-интернатында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы ұйымдастырылды.Акцияның негізгі мақсаты – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатты қорғауға және туған өлкенің тазалығын сақтауға тәрбиелеу.Іс-шараға 1–11 сынып оқушылары мен лицей ұжымы белсене қатысып, білім ордасының аумағын қоқыстан тазартып, айналаның көркеюіне үлес қосты.

    Тазалық – ортақ жауапкершілік. Осындай игі бастамалар жас ұрпақты еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауға тәрбиелейді.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Жыланды ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары